380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылды

  • 185
  • UPD: 12:57, 22.05.2019
Елордада балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылды inform.kz

Елордада балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылды. Бұл жаңартылған жүйені бүгін Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин таныстырды, деп хабарлайды ҚазАҚпарат.

«Қала тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі - балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру. 2017 жылдан бастап осы қызметтер, яғни балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алу қызметтері толығымен автоматтандырылған, е-Астана электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылып жатыр. Осы күнге дейін 2 жылдың ішінде 70 мыңнан астам ата-анаға аталған жүйе арқылы қызмет көрсетілді», - деді ол.

Дегенмен, оның айтуынша, бұл жүйені пайдалану барысында ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен сын-пікірлер келіп түскен. Солардың негізінде «Біріншіден, балаңызды кезекке қою және оған жолдама алу қызметтері енді ұялы телефон арқылы қолжетімді. Өздеріңіз білетіндей, бұл жүйеге кіріп жұмыс жасау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет еді. Бұл өз кезегінде ата-аналардың тарапынан наразылық тудырды. Сондықтан біз қажетті өзгерістер енгізіп, енді осы жүйеге кіру үшін ЭЦҚ-да, компьютер де қажет емес. Бұл қызметтерді смартфон арқылы алуға болады», - деді Ә.Жанғозин.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, екіншіден жүйеде әрбір балабақша бойынша толық ақпарат бар. Атап айтқанда, мекеме төлқұжаты, орналасқан жері, бос орындар саны және басқа да пайдалы мәліметтерді осы жүйе арқылы алуға болады.

«Үшінші жаңашылдық әр ата-ана өзіне ұнайтын не болмаса сәйкес келетін балабақшаны таңдап, ол тұралы ақпаратты электронды пошта арқылы ала алады. Яғни, балабақшада бос орын болған кезде ол туралы поштаңызға хабарлама келіп түседі. Сондықтан ата-аналар енді күні-бойы компьютер алдына отырмай осы хабарлама түскен кезде жүйеге кіріп, қажетті әрекет жасайды», - деді Ә.Жанғозин.

Хабар 24 телеарнасы