383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 200
  • UPD: 15:59, 22.05.2019
Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? pixabay.com

Синоптиктер 23-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуынша, алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынды болады.

«Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды, соған байланысты оңтүстікте найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшті жаңбыр, ауа температурасы климаттық нормадан 2-6 градус төмен күтіледі, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы түнде 3 градус үсік күтіледі», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы