378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 208
  • UPD: 17:21, 22.05.2019
Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды yandex.kz

Синоптиктер ШҚО және Қостанай облысында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, екі облыста күн суытып, қатты жел соғады.

23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде 23 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі. Өскемен қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі, батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі, батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 23 мамырда Қостанай облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 23 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы