383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО мен Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

  • 171
  • UPD: 17:37, 22.05.2019
ШҚО мен Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін Казинформ

Алдағы екі күнде Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жаңбыр жаууына байланысты 22-23 мамырда Алматы өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны және беткейлік ағын болуы мүмкін.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар өзен деңгейі көтеріліп, су басу қаупі күтіледі.

«Бұқтырма өзені – Лесная Пристань ГБ, Үлбі өзені – Перевалочная ГБ, Оба өзені – Шемонаиха ГБ-де су деңгейінің жоғарылауы жалғасуда және қауіпті деңгейге жақындағанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

«Қарқынды жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі, сондай-ақ қауіпті деңгейден асуы және жайылма аумақтарына шығуы және су басу қаупі күтіледі», деп ескертті Қазгидромет өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы