384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескерту: Нұр-Сұлтанда қатты жел тұрып, бұршақ жауады

  • 808
  • UPD: 13:48, 24.05.2019
Ескерту: Нұр-Сұлтанда қатты жел тұрып, бұршақ жауады izvestiaur.ru

Синоптиктер елордада 24-25 мамыр күндері дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы екі күнде Нұр-Сұлтанда қатты жел тұрып, найзағай мен бұршақ күтіледі.

«Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз 24, тәулік бойы 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 мамырда кей уақытта 25 м/с. 25 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы