383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтарды алдағы күндері қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 203
  • UPD: 13:54, 24.05.2019
Қазақстандықтарды алдағы күндері қандай ауа райы күтіп тұр? wonderfulnature.ru

Синоптиктер 25-27 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде үсік жүреді.

«Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33 градусқа көтерілетін болса, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғыл және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді», - деді «Қазгидромет» мамандары.

Хабар 24 телеарнасы