379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияны аралау үшін қазақстандық туристер нені білгені жөн?

  • 175
  • UPD: 11:50, 27.05.2019

«Арменияға бардың ба, Арарат тауын көрдің бе» деседі екен сейілді ұнататын саяхатшылар.

Қазақ елінен келетін туристер армян жерінде енді еселеніп келеді. Мысалы былтыр Арменияда саяхатшылардың саны 26 мың болса, биыл шекара қызметінің мәліметі өзге деректі тіркейтін секілді.

Жыл басынан бастап Арменияға келген қазақстандық туристердің саны 10 мыңға жетті. Mұндай көрсеткіш бұрын соңды тіркелген емес. Екі мемлекеттің 2006 жылы жасасқан келісіміне сай, Армения табалдырығын төлқұжаты бар азаматтар ғана аттай алады.

АР ҰҚҚ шекара әскері жасағы басшысының бірінші орынбасары:

– Шекарада кәмелет жасқа толмаған балалар ата-анасының бірімен ғана жүрсе, оларда сенімхаттың болуы шарт емес. Алайда елге кіру үшін міндетті түрде төлқұжаттың болуы керек. Онсыз кәмелет жасқа толмағандар шекара аса алмайды.

Шекара қызметкерлері шетел азаматтарынан бұл елге келуінің себебін білу мақсатында мерзімі мен орналасатын жерін нақты білу үшін сан алуан сұрақтар қоюы мүмкін. Сонымен қатар саяхатшы ел шекарасын кеспей тұрып, қандай заттарды алып өтуге болатыны және тыйым салынғаны жөнінде мағлұмат алғаны абзал.

АР ҰҚҚ шекара әскері жасағы басшысының бірінші орынбасары:

– Елден кез келген қару түрін, әскери техника мен оған қосалқы бөлшектерін шығаруға тыйым салынған. Сондай-ақ есірткілік әсері бар заттар, құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмек және мәдени құндылығы бар заттарды елден шығармайды. Шетел азаматы антиквар бұйымдарын сатып алатын болса, алдын ала мәдениет министрлігіне барып, бұл заттың мәдени құндылығы жоқ екенін растайтын анықтама алуы керек.

Жергілік туристік компаниялар саяхатшыларға тегін пулпулаки ауыз суынан дәм татуға кеңес береді. Ол – қаланың кез келген көшелерінде шүмектен ағып тұрған таза бұлақ суы.

Максим Григорян, гид:

– Тұрғындардың басым көпшілігі орыс тілін біледі. Әрдайым көмек беруге дайын. Сондықтан қалада жоғалып кету мүмкін емес. Ереван әлемдегі ең қауіпсіз астаналардың қатарында. Түнгі 11-12-ілердің кезінде көшеде балалар емін еркін ойнап жүреді. Ал сіз турист болсаңыз, жергілікті тұрғындардың тарапынан қонаққа деген сый құрмет пен қамқорлық екі еселенеді.

Қазақстан азаматы Арменияда 90 күнге дейін қонақ болуға құқылы. Ал ақша айырбастағысы келсе, теңгені жергілікті драмға еш қиындықсыз ауыстыра алады.

Авторлары: Лаура Жусупбекова, Тигран Галстян

Хабар 24 телеарнасы