379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Визалық режим қауіпсіздікке кепіл бола алмайды

  • 293
  • UPD: 11:51, 27.05.2019

Қазақстан мен Израиль арасында визалық режим орнаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл қауіпсіздікке кепіл бола алмайтындығын мамандар растап отыр. Израиль еліне бару үшін отандастарымыз құжаттарын дайындап, тиісті анкеталық сұрақтарға жауап береді. Шетелге барудағы мақсатымен қатар, еліне қашан оралатындығын қайтар билеті арқылы растауы тиіс.

Алексей Коваленко, қорғаушы:

– Саяхатшының Израильде тоқтайтын қонақүйі немесе басқа да орны бар екенін растайтын дәлелі болмаса, ондай адам бірден күдік тудырады. Мамандар оның не мақсатпен келгенін тергей бастайды.

Шекарадағы бақылауда келген саяхатшының қаржысының мөлшері де назарға алынады. Тіпті кеден қызметкерлері саяхатшының сапарға ақшасы жете ме деген сауалды да қаперде ұстайды. Нақты ақшасын санауы да мүмкін. Банк картасын пайдаланатын болса, сақтаулы қаржысының мөлшері жайында ақпарат талап етеді.

Алексей Коваленко, қорғаушы:

– Сонымен қатар медициналық сақтандыруы да болу керек. Оқыс оқиға орын алса, жергілікті медициналық мекемеге жүгіне алатындай мүмкіндігі болғаны дұрыс. Турист Израильдегі туыстарына келетін болса, қолында арнайы шақырту құжатын ұстасын. Яғни жауапкершілік әлгі шақырту жіберген туысына жүктеледі.

Соңғы жылдары бұрынғы кеңес елдерінен жұмыс істеу үшін саяхатшы ретінде келетіндер қатары артты. Соны білетін жергілікті билік талапты да күшейте бастады. Шетел азаматында тиісті құжаттардың барлығы толық болған жағдайда шекара қызметі мен кеденшілер ол азаматты еш кедергісіз елге кіргізеді. Ал қиындықтар туып, еліне департацияланатын болса, заң бойынша оған алдағы 5 жыл Израильге кіруге рұқсат жоқ.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы