389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дипломаттар: Сапар кезінде жеке куәлік пен паспорттың көшірмесін электронды поштада сақтаған жөн

  • 409
  • UPD: 14:55, 27.05.2019
Дипломаттар: Сапар кезінде жеке куәлік пен паспорттың көшірмесін электронды поштада сақтаған жөн Emigranto

Франция туристер үшін әлемдегі ең тартымды ел болып отыр.

Бір жылда 90 млн шетелдік туристі қабылдаған екен. Олардың арасында мыңдаған қазақстандық бар. Алайда Францияны көруге барғандардың көбінің қалтасы қағылып қайтады. Бұл елде саяхатшыларды аңдитын қалта ұрылары көп. Тек өткен жылдың өзінде құжатсыз қалған 61 қазақстандық елшіліктен көмек сұраған. Жыл басынан 14 турист ұрылардан зардап шегіпті. Біздің елдің дипломаттары адамдар көп жианалтын жерлерде сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ сапар кезінде жеке куәлік пен паспорттың көшірмесін электронды поштада сақтауға кеңес береді. Себебі құжаттар ұрланған кезде, оны тез жаңартуға болады.

Таир Битенбаев, Франциядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлім меңгерушісі:

– Қазақстаннан келетін туристер құжаттарын жоғалтып немесе ұрлатып жатады. Ондай жағдайда сабырлық сақтап, жақын маңдағы полиция бөліміне бару керек. Сол жерде хаттама толтырып, жоғалу немесе ұрлану дерегін растайсыз. Одан кейін консулдық бөлімге келіп, қайту үшін дайындалатын куәлікке қажетті құжаттарды тапсырасыз.

Хабар 24 телеарнасы