378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 242
  • UPD: 17:37, 28.05.2019
Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды КазТАГ

«Қазгидромет» өкілдері ертең еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша СҚО, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстарында найзағай, бұршақ, жел күтіледі.

29 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с сақталады.

29 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ: 29 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда түнде және тәңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ: 29 мамырда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында 29 мамыр күндіз найзағай, нөсерлі дауыл мен 15-20 м/с солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы