389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазгидромет: Елімізде жаз жаңбырмен басталады

  • 609
  • UPD: 13:54, 29.05.2019
Қазгидромет: Елімізде жаз жаңбырмен басталады Body s Soul

Синоптиктер алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. «Қазгидромет» өкілдерінің мәліметі бойынша 30 мамыр мен 1 маусым күндері аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Қазақстанға батыс және солтүстіктен жылжыған атмосфералық фронттар алдағы үш тәуліктегі ауа райына ықпал етеді. Фронттардың әсерінен көптеген облыстарда найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады. Өткінші жаңбыр жауады. Бірақ жаз жақын қалғандықтан, жауын-шашын кезінде ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді. Жаңбыр тоқтағанда ауа температурасы жылдам көтеріле бастайды», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы