378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 213
  • UPD: 17:30, 29.05.2019
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды pixabay.com

«Қазгидромет» өкілдері ауа райына байланысты еліміздің үш облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы үш күнде Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай және қатты жел соғатын болса, БҚО-да қатты ыстық болады.

30 мамыр таңертең және күндіз, 31 мамыр-1 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 30 мамыр күндіз, 31 мамыр-1 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 31 мамыр-1 маусымда кей жерлерде дауыл, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

30 мамыр - 1 маусым аралығында күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 31-36°С қатты ыстық күтіледі.

30 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел солтүстік-шығыстан, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтауда 30 мамыр күні қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы