378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды қорғау күні қарсаңында елордада қандай іс-шаралар өтеді?

  • 434
  • UPD: 09:29, 30.05.2019
Балаларды қорғау күні қарсаңында елордада қандай іс-шаралар өтеді? astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда 1 маусымға арналған іс-шаралар жоспары 41 іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1 маусымда «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайында «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XIV Халықаралық фестивалі және балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 750 тегін билет таратылатын болады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 2000-нан астам бала түрлі іс-шараларға қатыса алады. Сондай-ақ барлық ұйымдастырылған акцияларда мүгедектігі бар балалардың қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, 1 маусымда қала бойынша қоғамдық көлікте барлық балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылып, жетім балаларға бір жолғы төлемдер белгіленген.

Одан бөлек, 450 балаға бір реттік жәрдемақы беру көзделген.

Айта кетейік, 30 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан Шатыр» СОО аумағында Nur-Sultan Ethno Fest фестивалі аясында елордада «Алтын жебе» атты садақ атудан І Әлем чемпионаты өтеді. 31 мамырдан 2 маусымға дейін Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат»республикалық телефестивалі өтпек.

Хабар 24 телеарнасы