389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер: Алдағы күндері елімізде өткінші жаңбыр жауады

  • 300
  • UPD: 12:58, 31.05.2019
Синоптиктер: Алдағы күндері елімізде өткінші жаңбыр жауады YouTube

Синоптиктер 1-3 маусым күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің мәліметі бойынша алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр мен желдің күшеюі күтіледі.

«Атмосфералық фронттардың өтуімен жаздың бірінші демалыс күндерінде Қазақстанның көптеген облыстарында найзағаймен өткінші жаңбыр, бұршақ және желдің екпінді күшеюі болжанады. Ауа температурасы аздап төмендеп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады», - делінген хабарламада. Бірақ батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура климаттық нормадан 3-6 градус жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы