389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды

  • 311
  • UPD: 16:41, 31.05.2019
Ақмола және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды Infox.ru

Синоптиктер ертең еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, Ақмола және Қостанай облыстарында найзағай, бұршақ және жел күтіледі.

1 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.

Нұр-Сұлтанда 1 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, екпіні 16 м/с жетеді.

Түнде және тәңертең 1 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 1 маусымда тәулік бойы кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы