387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 371
  • UPD: 12:04, 03.06.2019
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» өкілдері еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады.

3 маусымда Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласына жақын аумақтарда жаңбыр жаууына байланысты, тау баурайларынан ағынды сулар ағып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

3 маусым күні түнде және 4-5 маусым күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Таразда 3-5 маусым күндері оқтын-оқтын найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауыл соғу қаупі 85-90 %.

3 маусым күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 3 маусым күні Оралда күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.

3 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Қостанайда 3 маусым күні жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде найзағай ойнайды. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.

3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауыл соғу қаупі 90-95 %.

Хабар 24 телеарнасы