378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Дерматология орталығында Ашық есік күні өтеді

  • 282
  • UPD: 15:11, 03.06.2019
Елордадағы Дерматология орталығында Ашық есік күні өтеді

4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дерматология орталығында Дүниежүзілік меланома күніне арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының қолдауымен өткізіледі.

«Барлық келушілерге меланоманың ерте кезеңдегі диагностикасын жасау және халықты ақпараттандыру мақсатында тегін тексеруден өту мүмкіндігі беріледі. Акция барысында әрбір адам емдік қолдау ала алады. Сұранысқа ие арнайы жабдықтардың көмегімен дерматолог мамандар тексеруді тегін жүргізетін болады», – делінген басқарманың хабарламасында.

Іс-шараның мақсаты өлімге әкеліп соғатын әлеуетті аурудың алғашқы кезеңінде оңай емдеуге болатынына қоғамның назарын аударуға шақыруға арналған.

Жыл сайын елімізде 300-ден астам науқас тіркеледі, оның ішінде 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 21 жаңа жағдай тіркелді.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 50/2.

Өтетін уақыты: 09:00-ден 15:00-ге дейін.

Хабар 24 телеарнасы