384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 161
  • UPD: 15:48, 04.06.2019
Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды SN.kz

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша ертең Қазақстанның үш облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Өскеменде 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семейде 5 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

5 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 5 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

5 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы