384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады

  • 149
  • UPD: 16:23, 05.06.2019
Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады униан

Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады.

Қазақстанға Баренц теңізінің маңынан тропосфералық ағындармен ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің көптеген өңірлерінде ұйытқыған жел соғып, найзағайлы өткінші жаңбыр жауады.

«Еліміздің солтүстігінде жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде қатты нөсер жауады. Ауа температурасы төмендейді, көпжылдық нормадан 2...5°С градусқа төмен болады. Ал батыс өңірлерде жоғарғы атмосфералық қысым таралады, сондықтан ол жақта күн райы ашық, температура климаттық нормаға жақын болады», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы