384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 225
  • UPD: 17:25, 05.06.2019
Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды 1pnz.ru

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәлімдеуі бойынша ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында жаңбыр, бұршақ және жел соғады деп күтіледі.

6 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қаласында да ертең найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Семей қаласында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

6 маусым күні Жамбыл облысының батыстан күшті жел соғады. Жел қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз - 23-28 м/с, облыстың онтүстік-батысында - 30 м/с және одан асады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Осы күні Тараз қаласында оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с, кей уақытта - 25 м/с дейін күшейеді. Найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады.

6 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20, күндіз - 15-20, 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында осы күні солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы