384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 198
  • UPD: 17:24, 06.06.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 7-9 маусым күндері еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады.

7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскеменде 7 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семейде 7 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

7 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 7 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7-9 маусым күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл сақталады. Күндіз кей жерлерінде бұршақ. Күндіз 7, тәулік бойы 8-9 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с, 8 маусымда екпіні 23 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 маусымда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ сақталады. 7 маусымда, 8 маусымда тәулік бойы солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Хабар 24 телеарнасы