384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 126
  • UPD: 14:39, 10.06.2019
СҚО және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды Казинформ

Синоптиктер еліміздің екі облысында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметі бойынша алдағы екі күнде СҚО мен Ақмола облысында қатты жел соғады.

11-12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 11 маусымда күндіз, 12 маусымда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, 12 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 11 маусым күндіз, 12 маусымда тәулік бойы найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы