384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Sport Shuttle Bus спорттық шараларға қызмет көрсету жүйесі іске қосылады

  • 321
  • UPD: 23:52, 10.06.2019
Елордада Sport Shuttle Bus спорттық шараларға қызмет көрсету жүйесі іске қосылады

Футбол матчтарының қарсаңында Sport Shuttle Bus спорттық іс-шараларға қызмет көрсетудің жаңа жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

2019 жылдың 11 маусымынан бастап Еуропа чемпионаты-2020 жарысының аясында өтетін іріктеу футбол матчтарына төрт арнайы Shuttle-Bus бағдарлар ұйымдастырылады.

«Автобустар кесте бойынша жүретін болады. Қоғамдық көлік жолаушылары мен автомобилистерге ыңғайлы болу үшін автобустардың жөнелу уақыты, аялдамалары, сондай-ақ ұстап қалатын тұрақтарға арналған орындары брошюрада көрсетілген. Ұсыныстарыңызды https://forms.gle/b5DNqgSYaY3o5YJt9 сілтеме бойынша өтіп, қалдыра аласыздар», – делінген «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы