384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында жел күшейіп, бұршақ жауады

  • 656
  • UPD: 13:11, 12.06.2019
Еліміздің екі облысында жел күшейіп, бұршақ жауады 365Info

Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Қазгидромет.

13 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні күндіз Орал қаласында маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с жетіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал.

13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы