383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 182
  • UPD: 13:15, 12.06.2019
Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? Сочи Экспресс

Синоптиктер 13-15 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің мәліметі бойынша алдағы үш күн жауын-шашынды болады.

«Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі», - делінген хабарламада.

Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы