382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер Ақмола және Қостанай облыстарында ескерту жариялады

  • 152
  • UPD: 17:19, 12.06.2019
Синоптиктер Ақмола және Қостанай облыстарында ескерту жариялады masop.ru

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, 13-15 маусым күндері Ақмола және Қостанай облыстарында жаңбыр жауып, жел тұрады.

13-15 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 14-15 маусымда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақытта жер қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

13 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

13 маусым күні Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

 

Хабар 24 телеарнасы