384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мұғалімдерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

  • 745
  • UPD: 16:27, 13.06.2019
<span class=favorites>Елордада мұғалімдерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді</span>

Жұма күні, яғни 14 маусымда № 66 мектеп-лицейінде педагогтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге сондай-ақ Қостанай, Павлодар, Арқалық, Қарағанды және Көкшетау қалаларының ЖОО түлектері шақырылды.

«Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты: сағат 10:00-13:00 аралығында Д.Қонаев 33/1 мекенжайында орналасқан № 66 мектеп-лицейі. Бүгінгі уақытта елордалық білім мекемелерінде 17 мың адам жұмыс істейді», –  делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Қазір бұл салаға 150-ден аса маман қажет. Әсіресе мектепке дейінгі, бастауыш және инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық қызметкерлер, сонымен қатар жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдер сұранысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы