384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 342
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? ukranews.com

Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады.

Сондықтан алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағай мен өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде күшті екпінді жел күтіледі, күндізгі сағаттарда бұршақ болуы мүмкін, ал ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады. Республиканың батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, соның әсерінен аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы