384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

  • 358
  • UPD: 15:35, 19.06.2019
Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 2019 жылдың 20-22 маусым аралығында ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы плюс 30-35-ке дейін, кейбір жерлерде 40 градусқа дейін қызады. Күн күркіреп, жел екпіні бар жаңбыр республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өтеді.

Атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өтетін фронттар тек кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Сонымен қатар 20-21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланады. Күн күркіреп, тұман түседі, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы