389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 464
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Телеканал 24

21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да соған сәйкес болып тұр.

Батыс және оңтүстік облыстарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы болады, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды. Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағай мен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы