388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эвакуация кезінде тұрғындардың іс-әрекеті туралы жадынама

  • 638
  • UPD: 14:36, 24.06.2019
<span class=favorites>Эвакуация кезінде тұрғындардың іс-әрекеті туралы жадынама</span> Informburo.kz

Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың негізгі тәсілдерінің бірі эвакуация болып есептеледі.

Эвакуациялық шаралар ұғымында  халық пен материалдық құндылықтарды эвакуациялау жатады. Халықты эвакуациялау уақыты мен мерзіміне байланысты алдын ала (алдын алу) және жедел (кідіріссіз) болып бөлінеді.

Эвакуация туралы хабарды үйде естіген жағдайда:

- ауа райына сай киініп, құжаттарыңызды, ақшаңызды, құнды заттарыңызды алыңыз;

- электр қуатын, газды, суды, пешті және алауошақтағы отты сөндіріңіз;

- эвакуация кезінде қарттар мен науқас адамдарға жәрдем көрсетіңіз;

- кіретін есікті құлыптап жауып кетіңіз;

- ғимараттан қашық тұрып, эвакуаторшының бұйрығын орындаңыз (эвакуацияны жетекші ететін тұлға), тастанды жайға жауапты тұлғалардың келісімінен кейін ғана оралыңыз.

Эвакуация туралы хабарды жұмыс орнында естіген жағдайда:

  • Асып-сасып, үрейленбей, жұмыс құжаттарын сейфке немесе кілтпен жабылатын үстелдің суырмасына салып қойыңыз;
  • өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды алыңыз;
  • кеңсе техникасын, электр құралдарын, шамды өшіріп кетіңіз;
  • есікті кілтпен жабыңыз да, эвакуация сызбанұсқасында көрсетілген бағытпен қозғалыңыз;
  • ғимараттан қашық тұрып эвакуаторшылардың бұйрықтарын орындаңыз.

Эвакуация кезінде үрейленбеңіз, сабырсыздық танытқан адамдарды тыныштандырып көріңіз, сол жағдайда сіз эвакуаторшылардың қажетті әрекеттерін жасай алатын боласыз.

Есте сақтаңыз, дұрыс және жедел іс-әрекеттер сіздің және сізді қоршаған адамдардың өмірін сақтап қала алады.

Ақпарат көзі: Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы