383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: Бірқатар облыста ескерту жарияланды

  • 288
  • UPD: 17:18, 24.06.2019
Ауа райы: Бірқатар облыста ескерту жарияланды Politeka.net

Ауа райына байланысты бірқатар облыста ескерту жарияланды.

25 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 41 градустық ыстық күтіледі. Таңертең және күндіз 25 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Сонымен қатар Қостанай қаласында 25 маусымда күндіз найзағай, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 18 м/с.

25 маусымда күндіз Актөбе облысының кей жерлерінде 41 градус ыстық сақталады.

25-26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз 25, түнде 26 маусымда кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сондай-ақ Петропавл қаласында күндіз 25, тәулік бойы 26 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы