384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бұршақ жауып, жел күшейеді

  • 218
СҚО-да бұршақ жауып, жел күшейеді

Солтүстік Қазақстан облысында көгершін жұмыртқасындай бұршақ жауды.

Ауа райының қолайсыздығынан адамдардың көлігі мен бау-бақшаларына зақым келді. Өңірде қатты жел көтеріліп, мектеп, үйлердің қоршауын құлатып кеткен. Жамбыл ауданы Пресновка ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шатыры опырылып, бір үйге электр сымдары құлады. Елді мекенде түні бойы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Дауыл Меңкесер ауылында да тұрып, тұрғындарға шығын келтірді. Синоптиктердің айтуынша, ауа райы алдағы күндері де осылай құбылуы мүмкін.

Гүлзат Ғазизова, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлімінің басшысы:

– Алдағы күндері облыс бойынша кей жерлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 метр секундына дейін күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы