384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық жастар отандық ЖОО-да қашықтықтан оқытылады

  • 275
  • UPD: 22:46, 28.06.2019
Өзбекстандық жастар отандық ЖОО-да қашықтықтан оқытылады

Өзбекстанда келесі айда қазақстандық жоғары оқу орындарына талапкерлерден құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір біздің елде оқығысы келетін көрші елдің жастарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені биылдан бастап еліміздің білім беру жүйесі мен қабылдау комиссиясының типтік ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Соның негізінде енді Өзбекстан жастары да қашықтықтан білім алатын болады. Бұл жүйенің ерекшелігі, шәкірт пен оқытушы арасындағы байланыс интернет арқылы, яғни онлайн режимінде жүргізіледі. Шәкірт Өзбекстанда отырып тапсырма алады және оны қалаған уақытында орындауына болады. Кешенді жұмыстарды да виртуалдық зертхана арқылы тапсырады. Студентке еркіндік берілген, дейді мамандар. Жалпы Өзбекстанның бес бірдей қаласында қазақстандық жоғары оқу орындарының оқу орталықтары ашылған. Ала тақиялы ағайын біздің елге сабылмай-ақ, сол жерлерге құжаттарын тапсыратын болады. Былтыр Өзбекстаннан біздің елдегі жоғары оқу орындарына 12 мың бала қабылданған.

Муаттар Эшбадалова, Ташкент қаласының тұрғыны:

– Онлайн жүйесінде дәріс алу мәселесі маған қолайлы екен. Өйткені жұмыс істеп жүріп, оқуымды да жалғастыруға мүмкіндік бар. Сол жағынан қолайлы болғандықтан, қазақстандық оқу орнын таңдадым.

Еңлікхан Қозыбаев, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қашықтықтан білім беру институтының директоры:

– Белгілі бір уақытқа байланбайсың. Студент бос, өзі қалаған уақытта қалаған жерінде білім беру порталына кіріп, сайт арқылы өзіне қажетті оқу әдістемелік материалдарын алып дайындалуға мүмкіндігі бар. Сонымен белгілеген уақытта біздің портал арқылы сынақ эмитиханын тапсыра алады.

Хабар 24 телеарнасы