384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады

  • 266
  • UPD: 16:21, 30.06.2019
Алдағы тәулікте ауа райы қандай болады piter.tv

Қазгидромет алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығыста және орталықта тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі.

Қостанай облысында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облысының кей жерлерінде, Қарағанда облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы