«Қазгидромет» өкілдері еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады.
Күндіз 1 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде өте қатты ыстық 47 градус күтіледі.
1 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.
1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
1 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлеріңде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Қостанай қаласында 1 шілдеде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күннің соңында найзағай күтіледі.
1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында күндіз 1 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
1 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 43 градус қатты ыстық сақталады.
Шымкент қ.: 1 шілдеде 41⁰С қатты ыстық күтіледі.
Түркістан қ.: 1 шілдеде 41-43⁰С қатты ыстық күтіледі.
1 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтау қаласында 1 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
1 шілдеде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.