384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • 253
  • UPD: 14:38, 01.07.2019
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Сочи Экспресс

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райының қандай болатынын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, 2-4 шілде күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық басылып, өткінші жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 40 градустық ыстық басылып, найзағай жарқылдайды және өткінші жаңбыр жауады. Бұл - Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсері.

Ал солтүстік облыстарға фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық облыстарда кей жерлерде нөсер жауын жауып, жел күшейеді. Бұршақ жауады. Ауа температурасы төмендейді.

 

Хабар 24 телеарнасы