388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО тегін құқықтық кеңес береді

  • 483
  • UPD: 23:47, 01.07.2019
АХҚО тегін құқықтық кеңес береді

АХҚО енді тегін құқықтық кеңес береді. Арнайы кеңсенің көмегіне жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жүгіне алады.

Онда қаржы мәселелері бойынша біліктілігі бар 20-дан аса маман қызмет көрсетеді. Оның ішінде АҚШ және Ресей компанияларының өкілдері де бар. Құқықтық кеңес көбіне қаржы орталығының мүмкіндіктері және онда жұмыс істеу ерекшеліктеріне қатысты болмақ. Тағы бір айта кетерлігі бұл көмекті тек жерлестеріміз ғана емес, басқа елдің азаматтары да тегін негізде ала алады.

Марат Әйтенов, АХҚО әкімшілігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Бір бөлменің ішінде заңгерлер отырады. Олар АХҚО тіркелген заң компанияларының тұлғалары. Солар 30 минут пен 1 сағат арасында негізгі сұрақтарға жауап береді. Біздің құқықтық мүмкіндікті білмейтін азаматтар бар. Соларға жол ашып береді деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы