388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 593
  • UPD: 15:21, 04.07.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады.

5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан және солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 6 шілдеде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Осы күндері Петропавл қаласында найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан күшті жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с. 5 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, батыстан және оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с. 5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С  аптап ыстық күтіледі. 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы