384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электронды цифрлық қолтаңба алынып тасталады

  • 436
  • UPD: 20:55, 05.07.2019
Елімізде электронды цифрлық қолтаңба алынып тасталады

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба алынып тасталады. Бұл процесс электронды қызмет көрсету саласының дамуын тежейді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Үкіметте өткен брифингте осылай деді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 проценті электронды форматқа көшіріледі. Ал, оларды қолдануды жеңілдету үшін бір реттік смс не болмаса бірыңғай сәйкестендіру нөмірін енгізу жоспарланып отыр. Агенттік басшысының сөзінше, бұл тәжірибені Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мемлекеттер сәтті қолданып отырған көрінеді. Бұдан бөлек Анар Жайылғанова Мемлекет басшысы атаған «Президенттік кадрлық резерв» жайлы да айтып берді.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Президенттің жас басқарушылар резервін құрудан біз қандай нәтиже күтеміз? Біріншіден, мемлекеттік міндеттерді шешуге жаңа жас менеджерлердің әлеуетін пайдаланып, біз мемлекеттік аппарат жұмысын сапалы түрде жаңа деңгейге көтере аламыз. Екіншіден, резерв жастар үшін әлеуметтік жеделсаты. Резерв құрамын іріктеу тәртібін біз қазір қарап жатырмыз. Бірнеше нұсқа дайындалуда. Оны жан-жақты ойластырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы