Ескерту: Атырау облысында көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді
- 882
- UPD: 12:18, 11.07.2019

Атырау облысының тұрғындарына 40 градустық ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 11 шілде күні аптап ыстық өңірге қайта оралады.
Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді.
Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.
Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.