383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің астанасы және 4 облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 216
  • UPD: 16:16, 14.07.2019
Еліміздің астанасы және 4 облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстықтың салдарынан Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында 37 градус ыстық болады. Шілденің 15, 16 күндері күндіз Ақмола облысында күн қатты ысып, 35-38 градусқа жетеді.

Нұр-Сұлтанда 16 шілде күні күндіз 35 градус ыстық болады. 15 шілде күні Қостанай облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 36, кей жерлерде 39 градусқа жетеді.

15 шілдеде сондай-ақ Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз елдің басым бөлігіне ауа температурасы 43°С жетеді.

Хабар 24 телеарнасы