389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 13 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

  • 327
Нұр-Сұлтанда 13 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 17 шілдеде 13 бағдардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты 17 шілде күні 13 бағдардың қозғалыс сызбаларын уақытша өзгерту жоспарланып отыр. Қозғалыс сызбасы өзгертілетін бағдарлар келесі: №№ 5, 5А, 8, 10, 20, 23, 33, 34, 40, 53, 64, 71, 73», – делінген Астана LRT хабарламасында.

Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы