Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, 18-20 шілде күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады.
«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады. Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі», делінген хабарламада.