386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында күн салқындайды

  • 245
  • UPD: 13:22, 19.07.2019
Еліміздің бірқатар аймағында күн салқындайды Bestnews.kz

Синоптиктер 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігіне салқын және ылғал ауа түсе бастайды.

«Демалыс күндері барикалық алқаптын қайта құрылуымен және Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен бірге Орал аймағынан салқын және ылғал ауа түсе бастайды. Атмосфералық фронттардың оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжуымен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауылды жел және ыстықтың әлсіреуі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында әлі де ыстық сақталады, ауа температурасы бұрынғыдай 38...45°С шамасында», - делінген хабарламада.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы