386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер: Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық

  • 223
  • UPD: 13:02, 22.07.2019
Синоптиктер: Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық novostipmr.com

Синоптиктер 23-25 шілдеге ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал аймағынан салқын және ылғалды ауаның келіп түсуі әлі де сақталуда. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге бұл өңірлерде найзағай мен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы