385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

  • 243
  • UPD: 21:04, 24.07.2019
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді myslo.ru

Синоптиктер 25-27 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады.

«Жақын күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Тек республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бірақ ыстық біртіндеп төмендейді, ауаның ең жоғары температурасы плюс 33-40 градус шамасында болады.

Хабар 24 телеарнасы