384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туыстарың жоғалған кезде өзіңді қалай ұстау керек?

  • 499
  • UPD: 16:46, 25.07.2019
Туыстарың жоғалған кезде өзіңді қалай ұстау керек? sobitie.com.ua

Азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуының 100-ден астам оқиғасының 85-інде соңғысының орналасқан жері анықталып, олар туыстарына қайтарылады.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында хабар-ошарсыз жоғалған 1081 адам іздестіріліп, 864-нің мекенжайы анықталды, қалғандары бойынша іздеу жұмыстары жалғасуда.

Азаматтар жоғалған кезде туысқандары жоғалған адамның тұрғылықты жері немесе соңғы тұрған жері бойынша дереу полицияға жүгінуі қажет. Оның соңғы фотосуреттері, ерекше белгілері және жоғалған адамның қандай киімде болғаны қоса ұсынылғаны жөн.

Өтініш келіп түскен кезде ІІО бойынша кезекші оқиғаның күнін, уақытын және орнын анықтайды, жедел-тергеу тобының жоғалған адамның соңғы болған жеріне тезірек шығуын қамтамасыз етеді.

Тергеуші өтінішті тіркегеннен кейін жедел түрде криминалдық полицияға іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы тапсырма жөнелтеді. Ол тапсырманы алғаннан кейін іздестіру бөлімшесінің қызметкері СДТБТ-ға тіркелген сәттен бастап бір тәулік ішінде іздестіру жұмыстарын бастайды.

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, яғни криминалдық жоғалу белгілері болған кезде, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, автокөлікпен хабар-ошарсыз жоғалғандар, жүкті әйелдер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғалуы туралы хабар келгенде жедел қызметкер тергеушінің тапсырмасынсыз дереу іздестіру ісін жүргізеді.

Іздестіру ісі шеңберінде тұрғылықты жері және тіркелген жері бойынша учаскелік инспекторға іздеу туралы хабарлама, полиция қызметкерлері үшін бағдар, БАҚ-қа хабарлама, нарко және психодиспансерге сұрау салу жіберіледі. Денсаулық сақтау органдарымен бірге медициналық мекемелерге жеткізілгендер тексеріледі.

Жоғалу жағдайы және іздестірілушінің тағдырын және орналасқан жерін анықтау үшін маңызы бар мәліметтер жинақталады, тиісті адамдардан жауап алынады.

Қозғалыс маршруттарын тексеру, жергілікті жерді тарату, аулаларды немесе пәтер бойынша аралау және т.б. жүргізіледі. Іздестіруге қоғам өкілдері мен еріктілер тартылады.

Туыстарынан биологиялық үлгілер (олардың келісімімен) іріктеліп алынады, олар бойынша молекулалық-генетикалық сараптама тағайындалады.

Іздестірілушінің электрондық поштасы зерттеледі, оның әлеуметтік желілерде болуы мүмкін байланыстары орнатылады. Іздеуде жүрген адамның мүлкін сату мүмкіндігі тексеріледі. Басқа да арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі.

Іздестірілуші туралы өзге ақпарат анықталған кезде қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі, олар оның орналасқан жері анықталғанға дейін жалғастырылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы