386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды

  • 231
  • UPD: 17:28, 30.07.2019
Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды inform.kz

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша ертең ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста ескерту жарияланды.

31 шілде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 38 градустық аптап ыстық болады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

31 шілде күндіз Орал қаласында найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Хабар 24 телеарнасы