385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

  • 230
  • UPD: 09:06, 31.07.2019
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 30 шілде - 1 тамыз аралығындағы ауа райының болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр, күндізгі ауаның температурасы 17-25°С дейін төмендейді.

Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы және 35-40°С қатты ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы